“Қате ғой, жігіттер“: әкім орынбасары атышулы видеодан кейін жұмыстан кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Қате ғой, жігіттер“: әкім орынбасары атышулы видеодан кейін жұмыстан кетті Бейнеден кадр

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары полициямен болған даулы видеодан кейін жұмыстан кетті. Әкімдік оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Tengri Auto.


Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары полициямен болған даулы видеодан кейін жұмыстан кетті. Әкімдік оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Tengri Auto.

Мән-жайы

Оқиғаның видеосы өткен демалыс күндері әлеуметтік желілерде пайда болды. Кадрларда патрульдік полицейлер мемлекеттік қызметкердің қызметтік көлігін жұмыс уақытынан тыс кезде пайдалану заңдылығын тексеру үшін тоқтатқан сәт көрсетілген.

Алайда әкім орынбасарының жүргізушісі құқық қорғау органдарының талаптарын елемей, бой тасалауға тырысады.

Көлікті тоқтатқан кезде, жүргізуші полицейлердің заңды талаптарына бағынудан дөрекі түрде бас тартқан. Сол кезде жолаушы – аудан әкімінің орынбасары полиция әрекетіне көңілі толмайтынын білдіріп, патрульдік полицейлердің біріне атын атап сөйлеген.

  • "Мені тоқтатуларың қате ғой, жігіттер", – дейді ол видеода полиция қызметкеріне.
  • "Дамир, сенімен кейін сөйлесеміз. Мен сес көрсетіп тұрған жоқпын", – деп қосты ол полицейге қарата.
@qazaqstan__live

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын ашық түрде елемей, көлікті тоқтатудан бас тартты. Кейбір шенеуніктер өздерін заңнан жоғары санап, құқық қорғау органдарына менсінбеушілік танытатын сияқты. Құзырлы органдардан аталған оқиға бойынша жан-жақты тексеру жүргізуді, лауазымды тұлғаның әрекетіне құқықтық баға беруді және заңнамаға сәйкес шара қолдануды сұраймыз.

♬ түпнұсқа дыбыс - Qazaqstan_live

Әкімдік не дейді?

Бұдан кейін БАҚ-та әкім орынбасарының өз еркімен жұмыстан кеткені туралы ақпарат пайда болды.

Ақтөбе облысының әкімдігі қазіргі уақытта шенеуніктің жұмыс істемейтінін растады. Сонымен қатар облыстық әкімдік оның жұмыстан кетуі бұл оқиға желіде жарияланғанға дейін болғанын атап өтті.

"Ол өз еркімен жұмыстан кетті. Жарияланым 10 немесе 11 мамырда шықты. Оған дейін ол өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш жазған болатын", – деп түсіндірді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бұл ретте әкімдік полициямен болған оқиғаның нақты күнін, сондай-ақ сол түні әкімнің ресми түрде қызметте болған-болмағанын нақтылай алмады.

Жүргізуші қалай жазаланды?

Бұған дейін өңірлік полиция департаменті жүргізушінің әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Оған полицияның қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіргені үшін айып тағылған. Ал мемлекеттік қызметкердің өз әрекеттері бөлек тексеріліп жатыр.

Полиция бұған дейін аталған факт бойынша материалдар аудан әкімі орынбасарының тәртіптік жауапкершілігін қарау үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға жіберілгенін хабарлаған болатын.

TengriAuto