03 маусым 2022 09:15

"3 баламды асырауым керек". Жалғызбасты әке далада қалуы мүмкін

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: almaty.tv Сурет: almaty.tv

Елордада 3 баланы өзі тәрбиелеп отырған азамат далада қалуы мүмкін. Банк алдында берешегі болғаны үшін жеке сот орындаушылары оның шоттарын бұғаттап, еңбекақысының жартысын ұстап қалу туралы шешім шығарған. Пәтер жалдап тұратындықтан, ер адам шарасыз күйде отыр, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. 


Елордада 3 баланы өзі тәрбиелеп отырған азамат далада қалуы мүмкін. Банк алдында берешегі болғаны үшін жеке сот орындаушылары оның шоттарын бұғаттап, еңбекақысының жартысын ұстап қалу туралы шешім шығарған. Пәтер жалдап тұратындықтан, ер адам шарасыз күйде отыр, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. 

Саят Ағзамов - 3 баланы өзі тәрбиелеп отырған жалғызбасты әке. Осыдан 7 жыл бұрын жары ауыр сырқаттан көз жұмған. Содан бері балаларын асырау үшін аянбаған. Басында баспанасы да жоқ. Банктен алған несиесін төлей алмай, сот орындаушылары айлығының 50 пайызын ұстап қалу жөнінде жұмыс орнына соттың атқару парағын жіберген. 

Саят 2018 жылдан бастап банк алдындағы қарызын өтей алмай қалған. Алайда қаржы мекемесі 10 ай бойы жалақысынан ақша ұстап отырған. Ол кезде де жеке сот орындаушылары ешқандай ескертусіз сыртынан шешім қабылдағанын айтады. Тіпті балаларына мемлекет тарапынан беретін жәрдемақы шотын да бұғаттап тастаған. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы жеке сот орындаушылар палатасы оған алдын ала ескерту хабарламасын ұялы телефонына жібергендерін алға тартты. Олардың айтуынша, борышкер 4 жыл бойы несиесі барын біле тұра банк немесе құзырлы органдардан жазбаша түрде көмек сұрамаған. Олар уақыт өткізіп алған соң, енді нотариалдық жазбаны өзгерту мүмкін емес екенін айтады.

Қазір Саяттың банк алдындағы қарызы 880 мың теңге болады. Оған жеке сот орындаушының қызмет ақысын қосқанда 1 миллион 200 мыңға жуықтаған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети