Natgeo Instagram желісінде Астананың әсем суретін жариялады

06 Тамыз 2015, 08:32
0
Natgeo Instagram желісінде Астананың әсем суретін жариялады - Астана. © Людвиг. Natgeo
Астана. © Людвиг. Natgeo

National Geographic Instagram желісінде Астананың Герд Людвиг түсірген керемет суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Суреттің сипаттамасында Астананың бірнеше күн бұрын Қытайға сәл ғана басымдық беріп, 2022 жылғы Олимпиада ойындарын өткізу мүмкіндігінен айырылғаны туралы жазылған. Алайда, жеңіс болған жағдайда Олимпиада Астанада емес, Алматыда өтуі тиіс болған. Әрмен қарай Қазақстанның астанасы Алматыдан Ақмолаға ауысып, кейін ол Астана деген атауға ие болғаны айтылады. Сонымен бірге, сипаттамада Астанада футуристік стильдегі ғимараттардың көп екені жазылды. Суретте банктің, "Самұрық Қазына" қорының ғимараттары, Бәйтерек және тағы басқа нысандар көрінеді.

Natgeo бұл суретті 6 тамызда таңғы уақытта жариялады, қазірдің өзінде ол 150 мыңнан аса лайк жинап, жүздеген пікірге себеп болды.

Еске сала кетейік, Natgeo аккаунты осыған дейін Алматының суретін жариялаған болатын. Суретте жолаушылары көп ескі автобус пен оның кондукторы бейнеленген еді.

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай