01 шілде 2014 21:02

Адам өзінің "екінші жартысын" тапқаннан кейін кемінде екі досын жоғалтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Газета.ru-дың хабарлауынша адам өзінің "екінші жартысын" тапқаннан кейін кемінде өзінің айналасындағы екі досын жоғалтады екен.


Газета.ru-дың хабарлауынша адам өзінің "екінші жартысын" тапқаннан кейін кемінде өзінің айналасындағы екі досын жоғалтады екен.

Бұл тұжырымға Оксфорд университетінің когнитивті және эволюциялық антропология институтының басшысы Робин Данбар келген. Зерттеу барысында 428 әйел мен 112 ер адам сауалнамаға қатысқан. Зерттеу жүргізіліп жатқан тұста 363 адамның "екінші жартысы" бар болған. Бірнеше уақыт бұрын Данбардың тобы орта есеппен әр адамның бес жақын досы болады деп есептеп шығарған болатын.

Жақын дос деп отырғанымыз адам эмоционалды немесе қаржылай мәселелерге ұшырағанда көмек қолын сұрауға болатын жандар. "Егер сіз адаммен жиі кездесеп тұрмасаңыз ол адаммен эмоционалды қарым-қатынасыңыз тез үзіліп, жоққа айналады. Сіз бар назарыңызды өзіңіз таңдаған "екінші жартыңызға" аударған сәттен бастап өз достарыңызға азырақ көңіл бөле бастайсыз және олармен қарым-қатынасыңызғы сызат түседі", - дейді Данбар.

Осылайша зерттеу барысы бойынша ғалымдар мынадай тұжырымға келді: сіздің жүрек қалауыңыздағы адам сізден көп уақыт пен назарды талап етеді және ол сіздің бес досыңыздың ішінен біреуін емес екеуін сыртқа шығарып тастайды.  Бұған дейін адамдар 14-кездесуде бір-біріне махаббатын білдіретінін хабарлаған едік. Бұл зерттеуге 100 адам қатысқан. Ол адамдар танысу сайттарының тұрақты қолданушылары еді. Сауалнаманың барлық қатысушыларына бірінші рет қашан сезіміңізді білдірдіңіз, алғашқы кездесу қашан болды деген сынды жалпылама сұрақтар қойылған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети