26 желтоқсан 2021 21:31

Ақтау орталығындағы құттықтау мәтіні жұртты күлдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Lada.kz © Lada.kz

Ақтау орталығында ілінген жазу қалалықтарды күлдірді. Шаһар әкімдігінің өкілдері құттықтауда қате неден кеткенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz өңірлік басылымына сілтеме жасап. 


Ақтау орталығында ілінген жазу қалалықтарды күлдірді. Шаһар әкімдігінің өкілдері құттықтауда қате неден кеткенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz өңірлік басылымына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желілерде қалалықтар Ынтымақ алаңындағы пластик қызғалдағы бар платформада жазылған инсталляцияға қатысты қызу пікір білдіріп жатыр. 

"С новым годым", - деп жазылған инсталляцияда. Қате "годым" деген сөзде. Оның орнына "годом" деп жазылуы тиіс.

Қала әкімдігінің өкілдері мәтінді жүктеу кезінде компания қызметкері қате жібергенін, ол бірнеше минут ішінде бірден түзетілгенін түсіндірді.

"Техникалық ақаулар үшін кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз және әр отбасына бақыт пен амандық тілейміз", - деді әкімдіктегілер.

Бұған дейін Алматы облысындағы Панфилов ауылдық округі әкімдігінің көпқабатты үйдің балконына Қазақстанның туын графикалық редактормен жасағаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети