Әлемдегі алып акула видеоға түсірілді

20 Қаңтар, 10:41
0
Әлемдегі алып акула видеоға түсірілді - © instagram/oceanramsey
© instagram/oceanramsey

Гавай аралдарының жағалауында дайверлер әлемдегі ең үлкен ақ акулалардың бірін кезіктірді, - деп хабарлайды Medialeaks. Оның ұзындығы 20 фунт (шамамен алты метр), салмағы 2,5 тонна, - деп хабарлайды  Medialeaks.

Deep Blue лақап атымен танылған акуланы 1999 жылы ғалымдар алғаш рет байқаған. Ол соңғы рет 2013 жылы Мекиска жағалауында байқалған еді. Мамандардың пайымдауынша алып балықтың жасы - 40-та, ол мұхитта ең көп өмір сүрген тіршілік иесі. 

Deep Blue өлген кашалоттың етін жеуге келген, Oушeн Pэмcи есімді дайвер онымен бірге түскен. Табиғатты қорғау The Shark Trust ұйымының маманы Джон Ричардсонның айтуынша, Deep Blue-мен мұхитта кездесу үлкен бақыт екен. 

Ғалымдар оның іші едәуір өскенін айтады: бәлікім ол жүкті болуы мүмкін. Акуланың ұрғашысы жүкті кезінде адам баласына зиян келтірмейді. Мамандардың айтуынша, бұл жыртқыштар адамға әуесқойлықтан немесе өз құрбаны екен деп қателескеннен шабуылдайды екен. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай