02 тамыз 2023 09:29

Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Notшcias paralelas/Twitter Фото: Notшcias paralelas/Twitter

Бразилияда әлемдегі ең қарт адам деп танылған Сеу Жозе Паулино Гомес қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.


Бразилияда әлемдегі ең қарт адам деп танылған Сеу Жозе Паулино Гомес қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.

"Ер адам 28 шілдеде Минас-Жерайс штатындағы Зона-да-Матадағы Педра Бонитада 127 жасында қайтыс болды. Сильва тіркеу кеңсесінің мәліметінше, 1917 жылы тіркелген неке туралы куәлігіне сәйкес қаладағы жалғыз Жозе Паулино Гомес 1895 жылы 4 тамызда дүниеге келген", - деп хабарлайды G1 порталы.

Гомес өзінің келесі туған күнінен бір апта бұрын қайтыс болды, енді әлемдегі ең қарт адам - 116 жастағы испаниялық Мария Бранас Морера.

Қарияның туыстарының айтуынша, Гомес ұзақ ғұмыр бойы мал шаруашылығымен айналысқан, атпен саяхаттаған, денсаулығына байланысты атқа мінуді төрт жыл бұрын ғана тастаған.

Сеу Жозе Паулино Гомес жасына байланысты ағзаның әлсіреуінен қайтыс болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети