29 мамыр 2020 18:00

Әлемдегі ең қарт ер адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: nypost.com Сурет: nypost.com

Екі дүниежүзілік соғысты және "испан" пандемиясын бастан кешкен әлемдегі ең жасы үлкен тұрғын Роберт Уэйтон қайтыс болды, - деп хабарлайды New York Post.


Екі дүниежүзілік соғысты және "испан" пандемиясын бастан кешкен әлемдегі ең жасы үлкен тұрғын Роберт Уэйтон қайтыс болды, - деп хабарлайды New York Post.

Уэйтон Британияның Альтон қаласындағы қарттар үйінде тұрған. Ол 112 жыл, 60 күн өмір сүрді. Өлім себебі - онкологиялық ауру.

"Ол барлығымызға үлгі тұтарлық жан болды, ол өмірінде әлденеге қызығушылығын жоғалтпады, бүкіл әлемнен түрлі адамдармен сөйлесетін. Ол әр адамды ағасы немесе қарындасындай көретін, махаббат пен бір-біріне деген қамқорлыққа сенетін", - дейді марқұмның туыстары.

Жас кезінде инженер болып жұмыс істеген және мұғалім болған. Оның екі ұлы мен қызынан он немересі және 25 шөбересі бар. Ер адамның өмірінде 26 рет премьер-министр мен Ұлыбританияның бес монархы өзгерген. Ол екі дүниежүзілік соғысты және "испан" пандемиясын бастан кешкен.

Роберт Уэйтонды экология қатты алаңдатқан. Ол өз шеберханасында жиһаз және жел диірмендерін жинап, оларды сатып, түскен қаражатты қайырымдылыққа жұмсаған екен. Салық төлеушілерге деген құрметін білдіре отырып, ол Елизавета патшайымының құттықтау ашықхатынан бас тартып, "басқа адамдардың есебінен ашықхатты алғысы келмейтінін" айтқан. Айта кетейік, патшайым оған 10 рет ашықхат жолдағысы келген. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети