26 сәуір 2019 13:00

Аллергия әсерінен ерні үлкейіп кеткен қыз танымал бола түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© deelishhhh_ © deelishhhh_

АҚШ-тың 18 жастағы тұрғыны Амайи Эванстың аллергиядан еріндері үлкейіп кеткені соншалық, ол сөйлеуге шамасы болмай қалған, - деп хабарлайды Lenta.ru. Қыз бала ауруханада түскен суретін Twitter желісіндегі парақшасында жариялады. 


АҚШ-тың 18 жастағы тұрғыны Амайи Эванстың аллергиядан еріндері үлкейіп кеткені соншалық, ол сөйлеуге шамасы болмай қалған, - деп хабарлайды Lenta.ru. Қыз бала ауруханада түскен суретін Twitter желісіндегі парақшасында жариялады. 

20 сәуірде таңғы уақытта қыз баланың төменгі ерні ісіп кеткен, алайда Эванс оған қатты назар аудармаған. "Басында ернімді бір жәндік шағып алған екен деп ойладым" дейді ол. Алайда сағат санап, оның жағдайы ушығып кеткен. Содан кейін ғана қыз бала ауруханаға баратын болып шешкен. 

Дәрігерлер қызға аллергияға қарсы дәрі жазып беріп, үйіне қайтарып жіберген. Бірақ дәрілер көмектесе қоймаған, ал еріндері одан әрі ісе бастаған. Кешкі уақытта оның еріндері іскені соншалық, оның сөйлеген сөздерін ешкім түсіне алмауға дейін жеткен. 

Эванс қайтадан ауруханаға барған, бұл жолы оны бірнеше күнге ауруханаға жатқызған. Бүгінде оның жағдайы дұрысталып, еріндері өз қалпына келген. Оның айтуынша, Twitter желісінде қолданушылар жазған әзілдер оның тезірек сауығып кетуіне септігін тигізген. Оның жазбасы 170 мың лайк жинап, 54 мың қолданушы бөліскен. 

Амайи Эванс әлі күнге дейін неден аллергия қозып кеткенін білмейді, себебі ерні ісіп кеткенге дейін ол тек тартылған ет жеген. Ендігіде ол жаңа тағам түрін жейтін кезде тиянақты тексеруге бел буған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети