Алматы тұрғыны эксперимент үшін 21 күн ақшасыз тіршілік етті

10 Ақпан 2014, 09:04
0
Алматы тұрғыны эксперимент үшін 21 күн ақшасыз тіршілік етті -  Дмитрий Дишанди. Сурет "Мегаполис" газетінен алынған
Дмитрий Дишанди. Сурет "Мегаполис" газетінен алынған
"Алматы қаласының тұрғыны Дмитрий Дишанди эксперимент үшін үш апта ақшасыз тіршілік етті" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Мегаполис" газетіне сілтеме жасап.

Мұндай экспериментті Алматы тұрғыны Дишанди өткен жазда жасаған болатын. Ол өмірінің 21 күнін алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегідей, бір тыйын сарп еттпей тіршілік етуге бел буған екен. Шарт бойынша, ол тәп-тәуір киініп, елді "ақшам жоқ" деп алдамауға сөз берген. Басты ой-өзгеше бір күйге еніп, жасалған істен ләззат алу, сонан соң тіпті осылай күн кешуге бола ма, соны білу болды", - дейді алматылық жас жігіт.

Дишанди көлік тоқтатып, жүргізушіден тегін ала кетуді сұраған. Экспериментші, егер көтеріңкі көңіл-күймен, сенімді түрде өтінсе, жүргізушілердің мұндай ұсыныстан бас тартпайтынын байқаған. Жас жігіт кафе мен мейрамханаларда да болып, әкімшіден тегін тамақтандыруды сұраған. Мұндай жағдайын,қазіргі уақытта мүлдем ақшасыз қалғанымен түсіндірген. "Маған алғаш тегін тамақ бергенде, осындай да болады екен-ау деп, бақыттан көзіме жас үйірілді. Бір байқағаным, қарапайым кафелерге қарағанда, қымбат мейрамханаларда тегін тамақтану ықтималдығы жоғары екен", - дейді Дмитрий.

Сондай-ақ жас жігіт көшеде өткен-кеткеннен ақша сұрап алып, ұялы телефонына бірлік салып отырған. Көшедегі сатушылар оған жеміс-жидек берсе, тіпті, бір бейтаныс адам велосипед сыйлапты. Ал Дмитрий болса, өзінен артылғанын көмекке мұқтаж өзге адамдарға беріп отырған.

"Эксперименттің бірінші аптасы өткенде, ақшасыз аштан өлмейтініме көзім жетті,тіпті жаңа таныстар мен материалдық игіліктерге де қол жеткізуге болатынын ұқтым", - дейді Дишанди.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай