Алматыда "Алтын адамның" шоколадтан жасалған бас киімі көрсетілді

09 Қыркүйек 2015, 17:40
0
Алматыда "Алтын адамның" шоколадтан жасалған бас киімі көрсетілді - © Айжан Түгелбаева
© Айжан Түгелбаева

Алматыдағы Орталық мемлекеттік музейде 23 қыркүйектен бастап танымал шоколатье Николай Поповтың шоколадтан жасалған бұйымдарының көрмесі өтеді. "Nikolya шоколадының музейі" көрмесі Қала күніне орай ұйымдастырылып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала қонақтары мен тұрғындарына шоколадтан жасалған 250 бұйым көрсетіледі, олардың ішінде шоколад картиналары, шоколадпен көмкерілген багеттер, шоколад миниатюралары, салмағы 700 келі болатын композияциялар мен инсталляциялар бар.

Сонымен қатар, осы көрмеге арнап Николай Попов Қазақстанға арналған тұтас серия дайындады. Көрмеде музейге қойылған кей экспонаттардың шоколадтан жасалған көшірмелері болады - "Алтын адамның" басындағы өрнек, қазақтың ұлттық әшекейлері, киім, бас киім. Мастердің айтуынша, бас киімді дайындауға төрт күн кеткен. Ол Қазақстанда өндірілген шоколадтан жасалды.

Келушілер түрлі акция мен мастер-кластарға қатысу арқылы шоколадтан қызықты бұйымдар жасап көре алады. Айта кетейік, местердің көрмесі әлем бойынша 40-қа жуық елде қойылған. Әрбір келуші нағыз шоколадтан дәм татып, фото-видео түсірілімдерге қатыса алады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай