12 мамыр 2017 15:16

Алматыда белгілі блогер қызды "алып қашып" кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда белгілі блогер қызды "алып қашып" кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда белгілі блогер қызды "алып қашып" кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Yotube хостингінде пайда болған видеода Nagimuwaa деген атпен танылған Нағима Ахметованы белгілі пранкерлер тобы алдып алып қашады. Алдын ала сөз байласқан жігіттер қызды құрбысы арқылы алдап шақырып, көлікке отырғызып алып, үйге апарады. Үйде әдеттегідей ересек адамдар қызды "салт-дәстүріміз" деп көндіруге тырысады. Қыздың әбден жылап, алданған кезінде ғана түсірілім тобы бөлмеге кіріп келіп, мұның пранк болғанын жариялайды. 

Бір қызығы, мұның пранк екені айтылғаннан кейін "алып қашу құрбаны" болған Нағима Ахметова мұндай жағдай болса үлкеннің үстінен аттап кете салатын едім, бірақ үлкеннің үстінен аттай алмадым дейді. Соңында ол үйленгісі келетін жігіттерге кеңес айтты: "Жігіттер, үйленгілерің келсе, мал сияқты алып қашпай, адам ретінде үйленіңдер".

Блогер қыз қазіргі уақытта шын мәнінде сүйіктісі жоқ екенін айтты. Ал осы жағдайды естіген ата-анасы қатты ашуланған екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети