15 сәуір 2015 18:07

Алматыда Ғашықтар күнінде "Су Періcі" субұрқағы ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Tengrinews.kz @Tengrinews.kz

Ғашықтар күнінде Алматыда "Су Періcі" субұрқағы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Гоголь мен Бұзырбаев көшелерінің қиылысында, Орталық демалыс саябағы жанында орналасқан. Ескерткіштің авторы - Бауыржан Жуасбаев.


Ғашықтар күнінде Алматыда "Су Періcі" субұрқағы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Гоголь мен Бұзырбаев көшелерінің қиылысында, Орталық демалыс саябағы жанында орналасқан. Ескерткіштің авторы - Бауыржан Жуасбаев.

Ғашықтар күніне арналған ескерткіштің ашылуына әкімдік басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, танымал продюсерлер Баян Есентаева мен Эрик Тастамбеков, Алматы кәсіпкерлері қатысты. Субұрқақ су перісі мүсінінде жасалды. Ескерткіштің ресми ашылуы кезінде Нұрлан Оспанов пен Наргиз Нармағамбетованың некесі қиылды.

"Ғашықтар күні жайлы маған екі ай бұрын хабар берді. 15 сәуірде мереке елімізде аталып өтіліп жатыр, болашақта Әулие Валентин мерекесі сияқты танымал болады деп ойлаймын", - деді Қазақстан халқы Ассамблеясы директорының орынбасары Александр Смирнов.

Баян Есентаеваның айтуынша, бұл мерекені жоғары деңгейде атап өту үшін көп уақыт керек жоқ. Сонымен қатар, белгілі продюсер Ғашықтар күнін танымал мереке қылу үшін барын салатынын айтты. "Мен бұл мерекені құптаймын, жақын арада брендке айналады деп сенемін. Біздің өзіміздің Ғашықтар күні мерекеміз болуы керек. Қазір технологиялар дамыған. Instagram, Facebook арқылы жарнамалап, бәріміз бірігетін болсақ, келесі жылы бұдан да үлкен етіп өткізуімізге болады", - деді продюсер.

Осыған дейін де Алматыда ғашықтарға арналған бірнеше ескерткіш ашылған болатын. Айта кетейік, Ғашықтар күні Қазақстанда 2011 жылдан бері атап өтіліп келеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети