Алматыда жас жұбайлар әл-Фараби даңғылымен жаяу жүрді

02 Қыркүйек 2016, 10:38
0
Алматыда жас жұбайлар әл-Фараби даңғылымен жаяу жүрді - © Instagram
© Instagram

Алматыда жаңадан отау құрып жатқан жұп әл-Фараби даңғылымен жаяу жүріп өтті. Қымбат көліктердің алдында күйеу жігіт пен қалыңдықтың жаяу жүрген видеосы Instagram желісінде пайда болды. "Алматыда не себепті кептеліс болып жатыр", - деп жазылған роликтің сипаттамасында.

Видеоға жазылған пікірлерде қолданушылар жас жұбайлардың әрекетін өзімшілдер және тәртіпсіздік деп бағалаған. Алайда роликтің басты кейіпкері қалыңдық Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында жол ережесін бұзбағанын және жолды жаппағанын айтаты. Қыздың айтуынша, бұл 31 тамызда болған той. "Бір минуттан аз уақыт жүрдік. Жол ережесін бұзған жоқпыз. Қарапайым жұптың қарапайым тойы. Ғажайып ештеңе жоқ", - деді қалыңдық.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай