08 наурыз 2018 15:22

Алматылық блогер әйелдерді өзгеше құттықтауымен қуантты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram by adilet_rakhmetolla © Instagram by adilet_rakhmetolla

Алматылық блогер Әліет Рахметолла жұмысы елене бермейтін нәзік жандыларды құттықтады. Өзгеше құттықтауын ол Instagram желісіндегі парақшасына жарияланды. 


Алматылық блогер Әліет Рахметолла жұмысы елене бермейтін нәзік жандыларды құттықтады. Өзгеше құттықтауын ол Instagram желісіндегі парақшасына жарияланды. 

"Бейтаныс жан сізге өте сұлу екендігіңізді айтып, гүл сыйласа қандай сезімде болар едіңіз?! Мұндай тосын әрекет жұмыс барысындағы адамға қалай әсер етпек? Халықаралық әйелдер күні қарсаңында бұл сұрақтың жауабын анықтап көруге тырыстым. Шара барысында мен әртүрлі қызметтегі әйелдерді суретке түсіріп, кейін "сіз сондай әдемісіз. Мына гүл сізге" деп ілтипатымды білдірдім. Және ол кісілердің жүздеріндегі бақыт пен таңқалысты камера объективіне түсіріп үлгердім", - дейді Әділет Рахметолла.

"Әрине, фотоаппаратты көрген кезде қашқақтап, бас тартқан жандар аз болмады. Алайда, мен өзімнің кәсібилігімді іске қосып, қажетті кадрларды табуға тырыстым. Кім де болса көше сыпыруға қуанып шықпасы анық қой. Мысалы, көше сыпырып жүрген тәтеміз әуелі қарсы болды. "Біз түсіру керекпіз. Бізге сондай тапсырма түсті" деп жәй ғана түсіріп алдым! Кейін "сіз сондай сұлусыз. Бақытты болыңыз" деп қолымыздағы гүлді ұсынған кезде қуаныштан жүзі бал-бұл жайнап кетті", - деп баяндайды блогер.

"Самса сататын аруға «сіз сұлусыз. Мына гүл сізге» деп сыйлаған кезде мүлдем сенбеді."Қазір сьемкадан кейін алып кетесіздер ме? Шынымен де маған ба?» деп таңқалып біраз түсінбей тұрды. Фотомоделдерімнің арасында "гүл алмағалы 5-6 жыл болып еді. Мынау бір бақыт болды ғой" деп қуанғандар да, "тоңып жүргенде жаныма жылу сыйладыңыздар" деген әпкелеріміз де, «өзіңнің ақшаңа сатып алдың ба? Қап, бекер шығындалдың ғой" деп қалтамызды аяған жандар да болды", - деп бөлісіті қызықтарымен Әділет өз парақшасында.

"Ең бастысы, сыйлықтың бағасы емес, мейірімділіктің маңызды екенін сезіндік. Өздеріңіз фотосуреттерге мұқият қарасаңыздар, жылы сөз әйелдерді ерекше әрлейтінін сөзсіз түсінесіздер. Сондықтан, айналаңыздағы нәзік жандыларға жиі ілтипат көрсетіп, махаббатқа толы жылы сөздеріңізді айтудан шаршамаңыздар. Алла разы болсын!", - деп аяқтады ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети