Алматылық кәсіпкер әйел бейтаныс отбасыға 4 бөлмелі пәтер сыйлады

23 Ақпан 2016, 09:23
4
Алматылық кәсіпкер әйел бейтаныс отбасыға 4 бөлмелі пәтер сыйлады - © Otyrar.kz
© Otyrar.kz

Алматылық кәсіпкер әйел бір отбасыда мидың сал ауруына шалдыққан үш бала тұратын Елеуовтер отбасына 4 бөлмелі пәтер сыйлады, - деп хабарлайды Otyrar.kz. Көпбалалы отбасы жаңа қонысқа 1 наурызда көшеді.

Елеуовтер отбасы Шымкентке осыдан екі жыл бұрын Қазығұрт ауданынан көшіп келген. Олар қалаға балаларына медициналық көмек алу мақсатында келеді, дегенмен табыстарының көп бөлігі азық-түлік пен пәтер жалдап тұруға кетеді екен. Отағасы Әлихан Елеуов өздігімен жүре алмайтын балаларын тәрбиелеу үшін жұмысын тастауға да мәжбүр болған.

Осыдан кейін олар тілшілер арқылы елден көмек сұрайды. "Біреулер оларға азық-түлік беріп жатты. Ал алматылық кәсіпкер әйел баспана ұсынды", - деп хабарлады басылым.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай