31 желтоқсан 2017 10:19

Америкада 18 жастағы қыздың сыйлығы өгей әкесін жылатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Америкада 18 жастағы қыз Рождество мерекесіне арнап өгей әкесіне ерекше сый тарту етті, ол өзін асырап алуына мүмкіндік берді, - деп жазды Mashable.


Америкада 18 жастағы қыз Рождество мерекесіне арнап өгей әкесіне ерекше сый тарту етті, ол өзін асырап алуына мүмкіндік берді, - деп жазды Mashable.

YouTube каналына шыққан роликтен отағасы Стивен Дэбнидің қораптарды бірінен кейін бірін ашып отырғанын көруге болады, ең соңғы қораптан "Команда берілмейінші ашуға болмайды" деген жазуы бар конверт шығады. Осыдан кейін оның өгей қызы 18 жастағы Макайла өзін 14 жыл бұрын туған қызындай қабылдағаны үшін қарыздар екенін айтады.

"Әрине, қиындықтар да болды. Бірақ мен сені бәрінен артық жақсы көремін, енді ашуыңа болады, - дейді қыз. - Мен енді ересек адаммын және шешім қабылдауға құқығым бар, бәлкім мені қызың етіп асырап аларсың деп ойладым?"

Конвертті ашқан Стивен асырап алуға қатысты құжаттарды көреді. Көз жасына ерік берген ер адам қызды құшақтап алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети