17 қазан 2020 13:00

Америкалық қыз Ақтөбеден ата-анасын іздеп жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық Фредериксбург тұрғыны Яна Герати өзінің биологиялық ата-анасы мен отбасы мүшелерін Қазақстаннан іздеп жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Америкалық Фредериксбург тұрғыны Яна Герати өзінің биологиялық ата-анасы мен отбасы мүшелерін Қазақстаннан іздеп жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

28 жастағы қыздың айтуынша, ол 1992 жылы мамырда Ақтөбеде дүниеге келген. Оны 10 жасында асырап алғаннан кейін, шетелге алып кеткен екен. Іздестіру жұмыстарын жеңілдету үшін ол негізінен АҚШ-та тұратын қазақстандықтар жазылған Facebook-тегі танымал топта жазба қалдырған. 

"Мен биологиялық ата-анамды және отбасы мүшелерімді табуға тырысып жүрмін. Бұл топ менің ата-анамды табуға көмектесе алады деп естідім. Мені 2001 жылы асырап алған. Менің қазақ отбасымды табуға көмектесе алатындар болса, кез келген көмекке өте ризамын. Қолымда қандай да бір құжаттар бар. Алайда кез-келген ұйымға сенуге қорқамын, өйткені қайсы жақсы, қайсысы жаман екенін білмеймін. Себебі бұған дейін мені алдаған. Сондықтан қазір өзім іздестіріп жүрмін", - деп жазды ол.

Яна Гератиді бауырына басқан америкалық ата-ана одан жасөспірім кезінде бастартқан екен. 

"Мен олармен сөйлеспеймін. Сондықтан қазір олардан ақпарат алу қиынға соғады. Мен өзімнің медициналық өткенімді және қайдан екенімді білгім келеді. Өтінемін, осы ақпаратты бөлісіңіздерші", - деп қосты қыз.

Ол Қазақстанда аты Гранчевич Яна Манольевна болғанын хабарлады. Оның биологиялық анасының аты - Гранчевич Марина Павловна, 1964 жылы туған. Әкесі - Гранчевич Манол Томович.

Янаның Facebook-тегі жеке парақшасында қыздың Вирджиния штатында тұратыны, АҚШ әскерінде қызмет ететіні және 2018 жылдың маусымынан бері некеде екені көрсетілген.

 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети