23 тамыз 2016 15:52

Америкалық спортшының әнұран шырқала бастағандағы әрекеті жұртты тәнті етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Сырықпен секіру спортынан Олимпиада жүлдегері Сэм Кендрикс Риодағы ойындарда жасаған әрекетімен жұрттың назарын аударды. Бұл видеоны әлеуметтік желілерге оның жанкүйерлері жариялапты. 


Сырықпен секіру спортынан Олимпиада жүлдегері Сэм Кендрикс Риодағы ойындарда жасаған әрекетімен жұрттың назарын аударды. Бұл видеоны әлеуметтік желілерге оның жанкүйерлері жариялапты. 

Ол жаттығу жасап жатқан сәтте АҚШ-тың әнұраны басталып кетеді. Соған қарағанда, стадионның басқа бір бөлігінде оның отандасының марапаттау рәсімі өтіп жатқан. Асқан жылдамдықпен жүгіріп келе жатқан спортшы осы уақытта сырығын жерге тірей тоқтап, сарбаздар секілді тік тұра қалады. Видеодан оның өз елінің туын көзбен сүзе іздегені көрінеді. Ал тапқан сәтінде ол мүдірместен тұра қалған.

Осы видео әлеуметтік желілерде көп талқыланып, америкалықтың нағыз патриот екендігі айтылды. Қолданушылар оның өз елінің запастағы офицері екенін айтып қалды. 

Айта кетейік, Рио-де-Жанейродағы Олимпиадада ол 5.85 метр биіктікке секіріп, қола медаль жеңіп алған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети