1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Астана әкімі нәзік жандыларды Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады08 наурыз 2016, 09:28

© Аstana.gov.kz © Аstana.gov.kz

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков нәзік жандыларды 8 Наурыз -  Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Көктемнің шуақты сәті аналарымыз бен аруларымыздың мейрамынан бастау алады. Ізгі ниет пен сұлулыққа, сырбаз сезім мен сыйластыққа толы осы күн жан-дүниені жадыратып, жүректерге жылу береді. Әйел бақыты - жар сүю, ана болу, елге тұтқа, ұрпаққа пана болу. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген аналар қауымы ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін айрықша күшке ие", - деді әкім.

Ол әйелдер қауымын мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларына бақ-береке, еңбектеріне табыс тіледі. "Әрдайым жадырап, гүлдей құлпырып жүре бергейсіздер!", - делінген әкімнің құттықтау хатында.


Ұлттық валюта нығайды