Астанада Наурыз мейрамын тойлау басталып кетті

18 Наурыз 2018, 10:35
0
Астанада Наурыз мейрамын тойлау басталып кетті - © Астана мәдениет және спорт басқармасы
© Астана мәдениет және спорт басқармасы

Астанада Наурыз мейрамын тойлау басталып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әкімдік мамандарының хабарлауынша, Астанада 18 наурызда, сағат 11.00-де Наурыз мейрамы құрметіне халықтық серуендер Мичурино және Промышленный тұрғын алаптарында өтеді, ал 21 наурызда Пригородный және Үркер тұрғын алаптарында, 22 наурызда Көктал-1 және Өндіріс тұрғын алаптарында, 23 наурызда Сарайшық шағын ауданында жалғасын табады.

Сонымен қатар, кеше, 17 наурызда елордада көктем мерекесі Наурыз мейрамына арналған халықтық серуендер басталды. Алғашқы шаралар Железнодорожный, Интернациональный тұрғын алаптарында өткізілді.

"Танымал қазақстандық әртістер жиналған қауымның назарына концерттік бағдарлама ұсынды. Клара Төленбаева, Досымжан Таңатаров, Асқар Жайлаубаев сынды отандық эстрада жұлдыздары, "Дабыл", "Сарыарқа", "Дәуір", "Ретро", "Бум" топтары, "Аламан" және "Z" триолары, "Диарт" және "Бастау" ұжымдары, "Art Music" квартеті танымал эстрадалық әндер мен халық композиторларының әндерін орындады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, халықаралық фестивальдердің жеңімпаздары, Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының солистері Перизат Тұрарова, Жанаргүл Рахатқызы, Жақсыкелді Маясаров, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, Президенттік оркестрдің солисті Айзат Қарабекова, домбырашы Құрманғазы Байтасов, әнші Мәдина Ахметова, сондай-ақ Олжас Сәбижан, Әйгерім Хасанова, Әсем Омарова, Айдана Смаханова және Бауыржан Нұрымбетов те келушілерге керемет көңіл-күй сыйлады.

"Іңкәрім" хореографиялық ұжымының дарынды әртістері "Шашу", "Көктем" билерін биледі. "Шалдар күресі" мен флешмобтар көпшілікті тәнті етті, үлкен-кішінің бәрі қосылып "Қара жорға" биін биледі. Жиналғандар үшін арқан тарту, гір көтеру және армрестлингтен жарыстар ұйымдастырылды. Кейбірі тоғызқұмалақ ұлттық зияткерлік ойынын ойнап, түрлі ұлттық салт-дәстүрлерді тамашалады", - дейді әкімдіктегілер.

Әдемі безендірілген киіз үйлер, палау, бауырсақ пен мерекенің басты тағамы - хош иісті Наурыз көже, осының барлығы аудандардың тұрғындарына ұмытылмас мерекелік көңіл сыйлады.

"Біз ауданда өткізілетін Наурызға арналған концертке жыл сайын қуана келеміз. Мерекелік көңіл күй сыйлағандары үшін ұйымдастырушылар мен әртістерге алғысымды білдіремін. Баршаңызға жаңа жылда денсаулық пен бар жақсылықты тілеймін", - деді концертті көруге келген Железнодорожный тұрғын алабының тұрғыны Базаргүл Қарабекова.

"Бізге осындай шаралар ұнайды. Жазда да біздің ауданда керемет концерт ұйымдастырылды. Көңіл-күйіміз көтеріңкі, суық болса да, күннің көзі жарқырап тұр. Концертке балалармен, көршілерімізбен, достарымызбен бірге, бүкіл отбасыларымызбен келдік. Наурыз мейрамын ауданымызда бірінші болып атап өткеніміз жақсы, 21-22 наурызда қаланың басты алаңдарында өтетін мерекелік іс-шараларға да бара аламыз", - деді Интернациональный тұрғын алабының тұрғыны Әсемгүл Сүлейменова.

Танымал әнші Перизат Тұрарова тұрғын алаптарының барлық тұрғындарын және астаналықтарды көктемнің шуақты мерекесі Наурыз мейрамымен құттықтады.

"Біз өз әндерімізбен тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлай алдық деп ойлаймын. Барлық қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтаймын, еліміздің гүлденуін тілеймін", - деді әнші.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай