13 қазан 2016 17:56

Астанада Орынбор даңғылығын Мәңгілік ел деп ауыстыру ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Motor.kz © Motor.kz

Астанада Орынбор даңғылығын Мәңгілік ел деп ауыстыру ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада Орынбор даңғылығын Мәңгілік ел деп ауыстыру ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Астана қалалық мәслихатта "Астана қаласының кейбір көшелеріне атау беру және қайта атау" туралы отырыс өтті. Астана қалалық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаевтың айтуынша, ономастикалық комиссияға көше атауларына қатысты 77 өтініш келіп түскен, олардың 20-ы қаралатын болады.

"Бүгін Астана қаласының тұрғындарынан келіп түскен өтініштер қаралды. Ономастикалық комиссиядағылар көшелерге қайта атау беру туралы өтініштерді қарады (…). Олардың 11-і мектеп атауларына, 1-і балабақшаға атау беру, 1-і филармонияға, тағы 60 өтініш көшеге атау беру туралы, сосын екі көшенің атын өзгерту мен екі көшені біріктіру туралы өтініштер келген. Олардың 20-ы қаралатын болады, қалған өтініштер қаралмайды", - деді Тілеуғали Қышқашбаев.

Қоғамдық қаралымда талқыланған ұсыныстардың бірі Орынбор даңғылығын Мәңгілік ел атауына өзгерту туралы болды. Айта кетейік, өтініш қоғам зиялысынан келген. 

"Орынбор даңғылының атауы өзгеруі мүмкін. Сіздер Орынбордың біздің бірінші астанамыз екенін білесіздер. Бірақ бұл Орынбор көшесі мүлде алынып тасталады деген сөз емес, ол атау басқа көшеге беріледі. Елорда тұрғындары бұл ұсынысты қолдап отыр. (…). Даңғылдың атауы Мәңгілік ел деп өзгертілуі мүмкін", - деді Астана қалалық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети