28 желтоқсан 2016 09:35

Атырауда банкомат "пара" берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© azh.kz © azh.kz

Атыраудағы жергілікті "Ақ Жайық" газетінің журналисіне Baizaar сауда орталығындағы банкоматтардың бірі "Пара" деген жазуы бар банкнота берген.


Атыраудағы жергілікті "Ақ Жайық" газетінің журналисіне Baizaar сауда орталығындағы банкоматтардың бірі "Пара" деген жазуы бар банкнота берген.

Журналист купюрада мұндай жазудың бар екенін дүкен сатушысының банкнотаны өзінің аппаратында тексерген кезде ғана көрген. Бірақ банкнотадағы жазуға қарамастан, дүкен сатушысы бұл ақшаны қабылдаудан бас тартпапты.

Алайда журналист бұл ақшамен есептесудің орнына алған азық-түлігіне майда ақшаларымен есептескен. Ал  "параны" редакцияға алып келген.

"Кассада банк картасымен төлегенше, банкоматтан кішкене ақша алмақшы болдым. Банкомат бірден лимитті көрсетті, яғни онда берілетін ақшаның лимиті - 10 мың теңге екен. Содан мен банкоматтан үш 2 мыңдық купюра мен төрт жаңа 1000 теңгелік купюраны алдым. Әмиянымда екі мыңдық банкнота болмады. Сондықтан да екі мыңдық "параны" банкоматтан алған болып шықтым", - деп еске алады.

Содан журналистер Ұлттық банктің филиалына хабарласқан. Онда қызметкерлер мұндай банкноталардың ақша айналымында болмауы керектігін айтты. Басылымның мәліметінше, бұл купюраны осыған дейін құқық қорғау органдары пара алғандарды ұстауға арналған операция кезінде қолданған. "Мұндай купюра ақша айналымында қалай пайда болған? Бұл құқық қорғау органдарындағылардың қателігі. Олар осылай белгіленген купюраларды Ұлттық банкке өткізуі керек болатын", - деп жазады басылым.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети