03 сәуір 2017 09:52

Атырауда екі метрден асатын алып балық ауланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Рахым Қойлыбаев/ATPress.kz © Рахым Қойлыбаев/ATPress.kz

Атыраудағы "Амангелді" өндіріс кооперативінің балықшылары салмағы 160 келі ақсерке аулады. Алып балық сенбіде Орал өзеніне қойылған ауға түскен, - деп хабарлайды ATPress.kz.


Атыраудағы "Амангелді" өндіріс кооперативінің балықшылары салмағы 160 келі ақсерке аулады. Алып балық сенбіде Орал өзеніне қойылған ауға түскен, - деп хабарлайды ATPress.kz.

 

"Бұл - ақсеркенің уылдырық шашатын ұрғашысы. Салмағы - 160 келі, ұзындығы екі метрден асады. Қазір ол біздің зауыттағы цехтардың бірінде. Оның уылдырығын өндіруге аламыз деп отырмыз", - дейді "Орал-Атырау бекіре балық зауытының" директоры Гильман Сәрсемәлиев.

 

Кәсіпорынның бас инженері Болат Мұхатжиев былтыр мұндай ірі балық болмағанын айтады. Салмағы 120 келі еркек балық болды, ал ұрғашысы болмаған екен. Бұл балықтың денесіне еш жарақат түспеген. Мамандар ұсталған балықтан 30 келіге жуық уылдырық аламыз деген ойда. 

Айта кетейік, 2013 жылы осы кәсіпорынның балықшылары ұзындығы 3 метр, ал салмағы 300 келі ақсерке аулаған болатын. Ол кезде алып балық ауды үзіп тастаған екен. Өкінішке қарай, балықты тірі алып қала алмады, сондықтан ішін жарып, уылдырығын алған болатын. 

Ақсерке - тұщы суды мекендейтін Жер бетіндегі ең ірі балықтардың бірі. Бұл балықтың кейбірінің ұзындығы 4,2 метрге, ал салмағы бір тоннаға дейін жетеді. Қазір бұл балық түрі сиреп кеткен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети