Аустралия жағалауында көзі жоқ "құбыжық" табылды

08 Ақпан 2018, 11:30
0
Аустралия жағалауында көзі жоқ "құбыжық" табылды - © Sherry Simmons
© Sherry Simmons

Аустралия тұрғыны Шерри Симмонс Квинсленд штатындағы Маламбин Бич жағалауында серуендеп жүріп, белгісіз тіршілік иесіне тап болған, - деп жазады The Daily Star.

Бастапқыда әйел оны ағаш екен деп ойлаған, дегенмен, жақындай келе оның тіршілік иесі болғанын түсінеді. Оны таяқпен түртіп, денесінің жұмсақ екеніне көреді, алайда, бұл "жануардың" көзі жоқ болып шықты. 

"Теңіз әлемі" саябағының мамандары мұны теңіз сиыры деген болжам жасады. Ал Кливленд штатының аймақтық департаментінің сарапшылары оны акуланың бауыр еті деген ойда. Бірақ қос тарап та өз болжамдарын нақты дәлелдей алмады. 

Осы жағдайдан кейін полиция жағалауда тексеру жүргізгенімен ештеңе таппаған. Полицейлер "құбыжықты" ағыс алып кетті деген тоқтамға келді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай