"Базару нет па?". Зообақта темекі шеккен маймылдың видеосы пайда болды

20 Желтоқсан 2017, 14:40
0
"Базару нет па?". Зообақта темекі шеккен маймылдың видеосы пайда болды - Видеодан алынған скриншот
Видеодан алынған скриншот

Шылым шеккен маймылдың видеосы әлеуметтік желіде таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видеодан қазақ жігіттерінің қуыс арқылы маймылға тұтанған шылымды бергенін көруге болады. Жануар шылымды алып, шеге бастайды. Шимпанзе тіпті шылымның күлін қағып қояды. 

Бұл видеоға қатысты Алматы зообағының директоры Ержан Еркінбаев пікір білдірді. 

"Біздің зообақта шыны торлар жоқ. Бізде еркек және ұрғашы шимпанзе бар, бірақ, олар шылым шекпейді деп нақты айта аламын. Сосын видеодағы шимпанзенің біздікінен айырмашылығы бар. Ал Қазақстанның басқа қалаларындағы зообақтарда - Қарағанды мен Шымкентте - шимпанзе жоқ", - дейді Еркінбаев. 

Зообақ директорының пайымынша, бұл оқиға Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бірінде болған. 

"Тайландта ма деп ойлаймын. Ол жерде туристердің көңілін аулау үшін маймылдарға неше түрліні үйретеді. Қазақстаннан туристер барған шығар. Ол маймылдың баяғыдан темекі шегетіні көрініп тұр, туристердің көңілін аулау үшін арнайы үйретілген болар", - деп түсіндірді Еркінбаев. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай