19 тамыз 2019 09:58

Бірнеше ер адамға алдап тұрмысқа шығып алған алаяқ әйел іздеуде жүр

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облыстық полициясы ер адамдарды алдап, тұрмысқа шығып жүрген алаяқты іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 


Жамбыл облыстық полициясы ер адамдарды алдап, тұрмысқа шығып жүрген алаяқты іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, бірнеше рет сотталған Айгүл Ниязова түрлі алаяқтық әрекет жасады деген күдікке ілінген.

"Әйел жалғыз қарт ер адамдардың сеніміне кіріп, олармен жалған неке қиған. Содан кейін туыстарын жұмысқа орналастырамын немесе бағдарлама бойынша тұрғын үй (пәтер) аламыз деп олардың ақшасын алып отырған. Оның мойнында басқа да ұқсас қылмыстар болуы мүмкін", - деді полиция өкілдері.

Полицейлер әйел жайлы, оның орналасқан жері туралы ақпарат белгілі болса немесе оның іс-әрекеттерінен зардап шексеңіз, Жамбыл облысының полиция департаментіне телефон арқылы хабарласуды сұрайды: 8 (7262) 43-05-22, 43-06-78, 997121 немесе "102" пультіне.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети