27 тамыз 2020 09:38

ДСМ көп қолдануға жарайтын маска үшін тағылған айыппұлды түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Денсаулық сақтау министрлігіндегілер көп қолдануға жарайтын маска тағуға "тыйым салу" туралы видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігіндегілер көп қолдануға жарайтын маска тағуға "тыйым салу" туралы видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық өзіне айыппұл салынып жатқан сәтті видеоға түсірген. Оған тағылған айып - Санитарлық-эпидемологиялық талаптарды бұзу - ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабының 1-бөлімі. Бапқа сәйкес оған 30 АЕК (83 340 теңге) айыппұл салынады. Видео әлеуметтік желіде жарияланды.

Видеода ер адам жұмыс орнында көп қолдануға жарайтын маска таққаны үшін айыппұл салып жатқанын айтады.

Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіндегілер оқиғаға байланысты пікір білдірді.

"Көп қолдануға жарайтын маскаларға қатысты айтсақ... Бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшиннің қаулысында көп қолдануға жарайтын маска тағуға тыйым салынбаған. Бірақ маска тағудың ұзақтығы қарастырылған. Масканы әрбір 2-3 сағат сайын ауыстырып тұру керек. Әр азамат қандай маска таққысы келетінін өзі таңдайды", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ ДСМ ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда матадан тігілген масканы тағуға тыйым салынбағанын атап өтті.

"Матадан тігілген маска тағуға рұқсат етіледі. Ол - сол көп қолдануға жарайтын маскалар. Матадан тігілген көп қолдануға жарайтын маскаларға тыйым салынбаған. Егер видеода мониторинг топтарының ережебұзушылығы анықталса, онда тиісті шара қолданылады", - деді ДСМ өкілі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети