23 мамыр 2022 11:30

"ХХІ ғасырда жүргендей". Домбырашы Дина Нұрпейісованың образында шықты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суретте: Ақтоты Болшова Суретте: Ақтоты Болшова

Қазақтың әйгілі күйшісі, композитор Дина Нұрпейісованың дүниеге келгеніне биыл 161 жыл. Қазақтың күйші қызы Дина Нұрпейісованың мерейтойына орай электро домбырашы Ақтоты Болшова мен шебер Айдос Есмағамбет Динаның образын жасап шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақтың әйгілі күйшісі, композитор Дина Нұрпейісованың дүниеге келгеніне биыл 161 жыл. Қазақтың күйші қызы Дина Нұрпейісованың мерейтойына орай электро домбырашы Ақтоты Болшова мен шебер Айдос Есмағамбет Динаның образын жасап шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Суретті көрген жан Динаның өзін көрген әсер алады. Бұл идеяны жүзеге асырушылардың айтуынша, Динаның образында шығып, күйін тарту туралы ой 2018 жылы туындаған. Алайда биыл ғана сәті түскен екен.

Суретте: Ақтоты Болшова

Динаның образында күйін орындаған, лауреат әрі электро домбырашы - Ақтоты Болшова. Ол - Атырау қаласының тумасы.

"Динаның ролін ойнау бала кезден арманым еді. Динаның барлық күйін орындай аламын. Биыл Дина апамыздың 161 жылдығы. Соған орай бала арманым орындалды", - дейді Ақтоты Болшова.

Суретте: Айдос Есмағамбет пен Ақтоты Болшова

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Күй POP? (@bolshova_aktoty)

Динаның образын жасаған шебер, мәдениет саласы бойынша "100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы, Қазақстанның тұңғыш гиппералист мүсінші - Айдос Есмағамбет. Ол - Қостанай облысы, Арқалық қаласының тумасы. 

"Динаның бейнесі арнайы беттің қалпын алып, 1 апта ішінде силиконнан жасалды. Бұл - Динаның суреттерін пайдаланып, жасалған образ. Материалдар арнайы тапсырыспен шет елден әкелінді", - деді шебер.

Суретте: Ақтоты Болшова

Олар Дина образын жасаудағы мақсаттарын айтты.

"Динаның образын 2019 жылы Айдос Елбасының мүсінін жасаған кезінде ойлаған едік. Араға 4 жыл салып, бала кездегі арманымды орындадық. Шынайы образ жасау арқылы халыққа ХХІ ғасырда Дина Нұрпейісова жүргендей әсер сыйлау, ұлттық өнерді жандандыру мақсатымыз болды", - дейді идея авторлары.

Видеода: Дина Нұрпейісованың "8 март" күйі Ақтоты Болшованың орындауында

Дина Нұрпейісова Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін орындап, жастайынан "домбырашы қыз" атанған. Әйгілі Құрманғазы оның осындай өнеріп естіп, арнайы іздеп келген деседі. Ол Динаның болашағынан үміт күтіп, батасын берген. Дина "Бұлбұл", "Байжұма", "Көгентүп", "Кішкентай" секілді күйлер шығарған. Ол 18 жасында Нұрпейіс есімді азаматқа тұрмысқа шыққан. Бір қызығы құжат аларда оның тегі Нұрпейісова болып тіркеліп кеткен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети