06 тамыз 2014 15:06

Жұмашев Рамзан Қадыровқа қызмет етуі туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рамзан Қадыров пен Аян Жұмашев. Фотосурет Аян Жұмашевтің жеке мұрағатынан Рамзан Қадыров пен Аян Жұмашев. Фотосурет Аян Жұмашевтің жеке мұрағатынан

Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыровтың қазақстандық кеңесшісі Аян Жұмашев Tengrinews.kz-ке өзінің жұмысы жайлы айтып берді. Қадыров қазақстандықты әлеуметтік желіде сөйлескеннен кейін жұмысқа шақырған. Шешенстанға келгеннен кейін Аян Жұмашев оған өз жоспарлары туралы айтып, жұмысқа қалуға ұсыныс алады.


Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыровтың қазақстандық кеңесшісі Аян Жұмашев Tengrinews.kz-ке өзінің жұмысы жайлы айтып берді. Қадыров қазақстандықты әлеуметтік желіде сөйлескеннен кейін жұмысқа шақырған. Шешенстанға келгеннен кейін Аян Жұмашев оған өз жоспарлары туралы айтып, жұмысқа қалуға ұсыныс алады.

Ол өз қызметінде білім мәселелерімен айналысады. Ресейге кетпес бұрын Жұмашев кішкентай балалардың тәрбиесі туралы кітап жазған. Ол өз еңбегін Қадыровқа сыйға тартты. "Ол кітапты ашып оқыған жалғыз адам болар", - дейді Жұмашев.

Қазақстандық Шешенстанда лауазымға тағайындалғаннан кейін отанында өзіне патриот емес деген кінә тағылғанын айтты. Жұмашев өз кезегінде Қазақстанда білім саласында жұмыс істегенін, "Жас Отан" жастар қанатында тегін жұмыс істегенін, "Жас Ұлан" ұйымын құрудың басы-қасында болғанын алға тартты.

Жұмашевтің айтуынша, жер аударылған шешендерді Қазақстанның өз бауырына басқанын жақсы білетін Шешенстан халқы мұны жақсы қабылдаған. "Сол себепті мұнда қазақтарға мейірімділікпен, бауырластықпен қарайды, әр отбасының қазақтармен байланысты хикаясы бар", - дейді Аян. Оның айтуынша, Шешенстанда қылмыс мәселесі шешілген, алкоголь сатуға тыйым салынған. Жұмашев Қазақстан туралы ұмытпайтынын да айтты. "Қазақстандағы оқиғалардан хабардар болып отырамын, қазақстандықтардың жеңісіне қуанамын, волейболшы Сабина Алтынбекова туралы оқыдым, Головкиннің жеңісі үшін қуандым", - дейді ол.

Жұмашев Шешенстанда жастар тәрбиесі бағдарламасын дамытуға атсалысады, ол мектеп оқушыларымен жұмыс істейді. Бағдарламаға мектеп оқушыларының ұйымдастыру қабілетін дамыту, оларды авторлық жобаларды құруға баулу кіреді. Аян Жұмашевтің айтуынша, мектеп жасында авторлық жобаларын іске асырған балалардан университеттерге резерв дайындалады. "Ұзақ уақыт бойы мен мектеп оқушыларымен кездестім, дәрістер өткіздім, тапсырмалар бердім, олардың әрекеттеріне қарадым, қазіргі уақытта біз бұл идеяны Шешенстан Республикасындағы барлық мектепте іске асыратын боламыз", - деді қазақстандық өзіне Рамзан Қадыров жүктеген міндеттер жайында.

Аян Жұмашев Рамзан Қадыровтың талапшыл әрі еңбексүйгіш адам екенін айтты. Қазақстан азаматы республика басшысы сияқты өз қызметінде кешке дейін жұмыс істейді, оған күніне 4-5 сағат қана ұйықтауға тура келеді екен. "Үйден жырақта ол маған әке, аға сияқты, мен одан үлгі аламын", - дейді Жұмашев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети