09 наурыз 2017 23:28

Қазақ тілінде сирек баталарды жатқа білетін Людмила әже жұртты таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© youtube © youtube

70 жастағы Людмила Байқадамова жастайынан қазақ тілінде бата оқығанды жақсы көреді екен. Ол ақсақалдар мен әжелерден естіген баталарын жинап жүріп, жақында сирек кездесетін баталар жинағын шығарған, - деп хабарлайды "Мой Город".

Оның жинағында барлық жағдайға керекті бата бар - қыздарға, ұлдарға, туыстарға және нағашы жиендерге. "Негізінде олар әзіл сипатта айтылады. Құрдас адамдар бір-біріне мейірімді әрі әзіл бата беріп жатады", - дейді Людмила әже. Людмила Байқадамова Совет одағының батыры Бауыржан Момышұлы берген батаны толығымен біледі екен. Зейнеткердің айтуынша, ер адамдар отырған жерде әйел адамның бата беруі дұрыс емес. Соған қарамастан, қазақ тілін жетік меңгерген әже залдағы ер адамдардан рұқсат сұрап, бірнеше бата оқып берді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети