20 наурыз 2018 15:21

Қазақстанда қанша Наурыз бен Көктем есімді адам бар?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz редакциясы Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстанда қанша Наурыз, Қымыз және Көктем есімді адамдардың тұратынын анықтап көрді.


Tengrinews.kz редакциясы Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстанда қанша Наурыз, Қымыз және Көктем есімді адамдардың тұратынын анықтап көрді.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстанда Наурыз есімді 1 399 адам, Наурызбай - 2 937, ал Наурызбек есімді адамдар саны - 3 083. 

Наурыз есімді адамдардың көбі Маңғыстау облысында - 260 адам, Оңтүстік Қазақстан облысында - 257 адам, ал Қызылорда облысында - 163 адам.

Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысында Наурызбай есімінің жиі кездесетіні айтылады - 606 адам. Екінші орында - Алматы облысы ( 273 адам), үшінші орында - Қызылорда облысы (314 адам).

Ал Наурызбек есімінің көбіне Маңғыстау облысында кездесетіні айтылады. Маңғыстау облысында 640 Наурызбек есімді тұрғын бар екен. Атырау облысында Наурыз есімімен 547 адам болса, Ақтөбе облысында - 314 адам.

Комиттегілердің мәліметінше, Қазақстанда Күміс есімді 517 адам тіркелген. Бұл есім Қарағандыда жиі (62 адам) кездеседі. Ал Қымыз есімімен тек бір адам тіркелген екен.

Сонымен қатар, елімізде Құрт есімді бес адамның бар екені айтылады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети