Қазақстандық жігіт әлемнің 6 ІТ-алыбынан шақырту алды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Нұрсұлтан Әмір. Фото: жеке мұрағаттан Нұрсұлтан Әмір. Фото: жеке мұрағаттан

Нұрстұлтан Әмір есімді қазақстандық бағдарламашы 6 ІТ-алыбынан - Google, Amazon, Microsoft, Facebook, Snapchat және Tik Tok коммпанияларынан жұмысқа шақырту алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Нұрстұлтан Әмір есімді қазақстандық бағдарламашы 6 ІТ-алыбынан - Google, Amazon, Microsoft, Facebook, Snapchat және Tik Tok коммпанияларынан жұмысқа шақырту алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір ол ірі америкалық НВО компаниясында жұмыс істейді.

Нұрсұлтан - Алматы қаласының тумасы, бірақ астанадағы Қазақ-түрік лицейін тәмамдаған. Алматыдағы Халықаралық ақпараттық тиехнологиялар университетінен бакалавр дәрежесін алған.

Нұрсұлтан Әмірдің айтуынша, ІТ-алыптарына түйіндемесін 2015 жылдан, екінші курс оқып жүрген кезінен бастап жіберген. "Ол кезде түйіндемені тағылымдамадан өту үшін бердім, бірақ бас тартатын. Содан бері жыл сайын жіберіп келемін", - дейді ол.

2021 жылы бағдарламашы АҚШ-тағы үздік 12 ІТ-компаниясына түйіндеме жіберген.

"Барлық процесс, сұхбатқа дайындықтан жұмысқа шақырту алғанға дейін 4 ай уақытты қажет етті. Сұхбатқа дайындалу және қатысу, сонымен қатар 8 сағат жұмыс істеу керек болғандықтан, бұл аралықты күйзеліске толы кезең деп атауға болады", - дейді Нұрсұлтан.

Нұрсұлтан 6 ІТ-алыбының ішінен біреуін таңдауы қажет. Қазір Facebook пен Tik Tok компанияларында жұмыс істеуді қалайды. Шешімді 2 апта көлемінде шығаруы керек.

"Мақсатыма жетіп, 6 компаниядан шақырту алғаныма қуандым, бақытты болдым. Бұл үшін көп еңбектендім. Енді оның орындалғанына да сену қиын", - дейді бағдарламашы.

"Ірі компанияда жұмыс істеуді қалайтын жас мамандарға айтарым, мақсатқа жету үшін қандай қадамдар қажет екенін анықтап алу керек. Әрі қарай мақсатқа жету жолында алға жылжисыз. Шыдам мен еңбек барлығын жеңеді", - деп кеңес берді Нұрсұлтан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.13  course up  593.24  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer