Қазақстандық режиссер жолы болмайтындар туралы сериал түсіріп жатыр

16 Шілде 2015, 17:34
0
Қазақстандық режиссер жолы болмайтындар туралы сериал түсіріп жатыр - Хикая трейлерінен алынған кадр
Хикая трейлерінен алынған кадр

Қазақстандық режиссер Айдар Еспенбетов жолы болмайтын 30 жастағы жігіттер туралы әзіл-оспақ хикаясын түсіріп жатыр, олар өз өмірлерін өзгертіп, сәттілікке жетуге талпынады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне режиссердің өзі айтып берді. "На районе" сериалының басты кейіпкерлері - ішімдікті жанындай жақсы көретін - Артем мен оның несие үшін үйін жоғалтуы мүмкін "Өзбек" деген лақап аты бар досы. Оларға бар дәулетінен айырылған байдың баласы Борис қосылады.

Олардың әрқайсысында өмірлік кикілжің пайда болғаннан кейін жігіттер ақылға жеңдіруге бел шешеді. Олар бөтелке жинап, такси болу үшін көлікті жалға алып бастапқы капиталды табуға тырысады. "Олардың әрқайсысы бақытқа қол жеткізгісі келеді. Бірақ жігіттер бақыттың ақшада, тіпті оның көптігінде емесін түсінеді. Қазір көпшілік "орын" тауып, көп ақша тапқысы келеді. Мен ондайдың болмайтынын көрсеткім келеді. Атыңды шығарып, беделге ие болуың керек, содан кейін аты-жөнің саған жұмыс істейтін болады. Олар ақшаны жылдам табуды ойлайды, бірақ одан түк шықпайды. Олар көптеген сыннан өтеді және мұны түсінеді", - деді ол.

 

Еспенбетовтің айтуынша, қалжыңға толы хикая өмірлік тәжірибе мен достардың әңгімесіне негізделген. Оның сөзіне қарағанда, көрермендердің көпшілігі кейіпкерлерге қарап өздерін танығандай болады. Картина 12 сериядан тұрады, әрқайсысының ұзақтығы - 20 минут. Олардың әрбірінде жеке сюжет болады. Ережесіз жекпе-жек эпизодтарын түсіру жоспарланып отыр. Режиссер бұл хикаяны өз қаржысына түсіріп жатыр, қазіргі таңда оның екі сериясы дайын. Ол алдағы уақытта телеарналармен келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр. 

 

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай