Қазнетте ер адамның үш қалыңдықпен түскен видеосы пайда болды

14 Сәуір 2017, 13:36
0
Қазнетте ер адамның үш қалыңдықпен түскен видеосы пайда болды - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Интернетте жігіттің үш қалыңдықпен түскен видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодағы кадрлардан үйлену тойының жағалауда өтіп жатқаны көрінеді. Ал асаба өзін камераның алдыңғы камерасына түсіріп, болып жатқан жайтты түсіндіріп жатады.

"Сәлеметсіздер ме! Бүгін ерекше күн. Мен алғаш рет осындай іс-шараны өткізіп жатырмын. Біз үш қызға үйленіп жатқан жігіттің үйлену тойын өткізіп жатырмыз. Маған бұл қызық болғандықтан жастардың "гулянкасына" келдім", - дейді асаба.

Сондай-ақ, Желіде той кешіндегі қалыңдық көйлегін киіп жүрген үш қыздың бір ер адаммен билеп жатқаны түсірілген видео пайда болды.

Бұл видео әзіл ме, әлде жоқ па - әзірше белгісіз.

Кейбір Желі қолданушылары бұл видеоның шынайылығына күмәні бар. Олардың айтуынша, бұл видео вирустық жарнама. Себебі Қазақстанда көп әйел алуға рұқсат берілмеген.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай