09 мамыр 2020 16:59

Коби Брайанттың әйелі күйеуі қаза тапқан апат орнынан суреттер таралғаны үшін сотқа арызданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Tmz.com Сурет: Tmz.com

НБА бес дүркін чемпионы Коби Брайанттың әйелі Ванесса Брайант күйеуі мен қызы қайтыс болған тікұшақтың апат орнынан суреттердің таралуына байланысты Лос-Анджелес округінің шерифіне арыз жазды, - деп хабарлайды РИА Новости.


НБА бес дүркін чемпионы Коби Брайанттың әйелі Ванесса Брайант күйеуі мен қызы қайтыс болған тікұшақтың апат орнынан суреттердің таралуына байланысты Лос-Анджелес округінің шерифіне арыз жазды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Брайант 26 қаңтарда Калифорнияда тікұшақ апатынан қаза тапты. Бортта 13 жастағы оның қызы және тағы 7 адам болған. Ешкім аман қалған жоқ.

Ванесса Брайант Лос-Анджелес округінің шериф департаментінің сегіз өкілі Коби Брайанттың қаза тапқан жерінде суреттер жасап, бөтен адамдармен бөліскендіктен "эмоциялық күйзеліс және жан азабы" үшін өтемақы талап етеді. Сомасы көрсетілмеген. Брайант отбасының өкілі шериф департаментін жауапқа тарту үшін және болашақта осындай заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында арыз берілгенін мәлімдеді.

Ванесса Брайант шериф Алекс Вилануэвтен құпиялылықты сақтауды қамтамасыз етуді жеке өзінен сұраған екен. Алайда оған қарамастан, департамент қызметкерлері жеке мақсаттарында апат орнында қаза болған адамдардың суретін түсірген. Арызда департамент өкілдерінің бірі бардағы әйелдің назарын аудару үшін суреттерді қолданғаны көрсетілген. 

Еске салайық, қайғылы оқиға жексенбі, 26 қаңтарда таңғы уақытта Лос-Анджелес округіндегі Калабасас қаласының маңында болған. НБА бес дүркін чемпионы жаттығуға бара жатқан. Осы кезде борттан өрт шыққан

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети