Корей президентінің оққағары Интернетте секс-символға айналды

15 Мамыр 2017, 20:37
0
Корей президентінің оққағары Интернетте секс-символға айналды -

Желі қолданушылары Оңтүстік Кореяның жаңа президенті Мун Чжэ Иннің оққағарын Голливуд актерлеріне теңеп, мақтап жатыр. Бұл туралы Lenta.ru агенттігі Telegraph басылымына сілтеме жасап хабарлады. 

36 жастағы Чхве Ендженің суреттері Желіде кең таралып жатыр: көптеген қолданушыдар "Оққағар" фильмінің актер Кевин Костнер сомдаған кейіпкерімен салыстырып жатыр.

Кейбір қолданушылар оның жас көрінетінін, сондықтан 36 жаста екеніне сенбейтінін айтыпты. 

"Оңтүстік Корея президентінің оққағары 36-да болса, мен де 36-дамын", - деп жазады @guacamomole деген қолданушы Twitter желісінде. Басқалары Енджеге жақындау үшін президентке шағын шабуыл жасап көргісі келетінін де айтып, әзілдеп жатыр екен. 

"Корей оққағары президентке шабуыл жасауыма итермелейді, ол мені құлатып алып, үстіме шығып алады", - деп жазады @deleteitugly.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай