20 қазан 2015 12:42

Қостанай облысы әкімінің атынан бірнеше аккаунт ашылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © Tengrinews.kz Иллюстрация © Tengrinews.kz

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің атынан ашылған аккаунттармен полиция айналысып жатыр, - деп хабарлайды "Наша Газета".


Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің атынан ашылған аккаунттармен полиция айналысып жатыр, - деп хабарлайды "Наша Газета".

Журналистер Facebook және ВКонтакте әлеуметтік желілерінен өңір басшысының мағлұматтары көрсетілген аккаунттарды тапты. Олардың екеуінде ерсі дүниелер жазылмаған, ал үшіншісінде арандатушылық мәндегі жазбалар жарияланып, боғауыз және ағылшындарға қарсы айтылған сөздер жазылған. Суреттері мен пікірлеріне қарағанда парақша жас жігітке тиесілі, ол Калининградта тұрады. Суреттердің арасында өзінің де суреті бар.

"Әлеуметтік желілерде аккаунттарым жоқ. Осыған қарамастан көпшілік алдында жүрмін, "фейк" аккаунттардың ашылуына кері көзқарастамын. Ең алдымен олар арқылы жалған әрі күмәнді ақпараттар таратылуы мүмкін. Бұл аккуанттарды жабу үшін құзыретті органдар тарапынан тиісті шаралар қолға алынатын болады", - деді өңір басшысы журналистерге.

Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл аккаунттарды ашқан адамдардың кім екені анықталды. Қылмыстық полиция басқармасының арнайы топ қызметкерлері ол аккаунттарды жою бойынша шараларды қолға алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети