"Көзіме еріксіз жас келді". Жұмбақ жігіт Желіні тамсандырды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ©chelovekvmaskee/Instagram Фото: ©chelovekvmaskee/Instagram

"Маска таққан адам" игі істерімен Желі қолданушыларын тамсандырып жүр. Қарттарға жәрдемдесіп, балаларды қуантып, қиын жағдайда қалған отбасыларға көмектесетін жұмбақ жігіт туралы Tengrinews.kz тілшісі мәлімет жинап шықты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Маска таққан адам" игі істерімен Желі қолданушыларын тамсандырып жүр. Қарттарға жәрдемдесіп, балаларды қуантып, қиын жағдайда қалған отбасыларға көмектесетін жұмбақ жігіт туралы Tengrinews.kz тілшісі мәлімет жинап шықты.

Есімін жасырғанымен ізгі істерін көпшілікке жария етіп жүретін жас жігіт туралы бұған дейін де жазғанбыз. Ол - Орал қаласының тумасы, жасы 25-те. Ол мейірімнің аты мен түрі болмайды деген қағиданы ұстанады. Сондықтан болар өзін "Маска таққан адам" деп атайды.

Автордың кейінгі жариялаған видеосынан көшеде балмұздақ сатып тұрған саудагердің бүкіл тауарын сатып алып, балаларға таратып бергенін көруге болады. Видеода балмұздақ алып, мәз болған балалардың эмоциясы байқалады. Оған қоса, жұмбақ жігіт қарияларға ақша таратып, метрода жолаушыларға жол ақысын төлеп береді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Человек в маске (@chelovekvmaskee)

"Маска таққан адамның" көпшілікке көмегі мұнымен аяқталмайды. Ол көбіне мұқтаж адамдарға көмектесу керек деген ойда. "Бірақ мен адамдарды бөлмеймін", - дейді ол. Жұмбақ жігіт балаларға да, ересектерге де, жануарларға да көмектескісі келеді. Оны "Маска таққан адамның" Instagram-парақшасынан да байқауға болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Человек в маске (@chelovekvmaskee)

Сондай-ақ, ол күнұзаққа саудамен айналысуға мәжбүр қарттарға қаржылай көмек беріп, дүкендерде қарияларға сауда ақысын төлеуге көмектеседі. Одан бөлек қиын жағдайға тап болған отбасыларға, баласының денсаулығына байланысты қаржыға мұқтаж ата-аналарға жәрдемдеседі.

"Жақсылық таралып, адамдар тағдырындағы игі өзгерістерге себеп болатын қасиетке ие. Тек мейірімді, білімді адамдар ғана елімізді қажетті деңгейге көтере алады", - дейді "Маска таққан адам".

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Человек в маске (@chelovekvmaskee)

"Маска таққан адамды" қолдаушылар да көп. Мұны автордың жеке парақшасына жазылған оқырман санынан байқауға болады. Әрі жазбадағы пікірлер де осыған айғақ.

"Мақтауға тұрарлық іс!", "Көзіме еріксіз жас келді. Керемет! Алла жар болсын сізге", "Жарайсың", "Шын жүректен ризамын сенің істеп жүрген істеріңе!", "Бәріне үлгі", - деген пікірлер қалдырған оқырман.

Автордың өзі бұл ісін тоқтатпайтынын айтады.

"Әрине, мұнымен тоқтап қалмаймыз: болашақта да адамдарға тек жақсылық пен бақыт сыйлап, игі істі көбейте береміз. Сол арқылы әлемді жақсы жаққа өзгертеміз", - дейді жұмбақ жігіт.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer