26 мамыр 2018 12:49

Қырғыздардың бесбармағы Гиннесс рекордтар кітабына енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Sputnik/ Табылды Қадырбеков © Sputnik/ Табылды Қадырбеков

Бішкекте 2018 жылы 11 наурызда көп мөлшерде әзірленген бесбармақ Гиннесстің рекордтар кітабына ресми түрде енгізілді. Бұл туралы ұйымның ресми сайты хабарлады.


Бішкекте 2018 жылы 11 наурызда көп мөлшерде әзірленген бесбармақ Гиннесстің рекордтар кітабына ресми түрде енгізілді. Бұл туралы ұйымның ресми сайты хабарлады.

Сайттағы мәліметтер бойынша, ет тағамының салмағы - 1 464 килограмм. 

"Біз қаралым үшін өтінішімізді Лондонға жолдадық және жетістігіміз 25 мамырда мойындалды. Біз сонымен қатар, шұжық әзірледік, бірақ оны тіркеу туралы өтініш жібермедік, себебі ол өте қымбат", - деді Еркін Солтонбек "Sputnik Кыргызстан" басылымына, ол рекордты анықтау үшін құжаттарды дайындауға ат салысқан белсенді.

Қырғызстан БАҚ мәліметтері бойынша, 11 наурыз Ақ қалпақ күнінде Бішкек қаласында жалпы салмағы 1 тонна 464 килограмм болатын бесбармақ және ұзындығы 117 метр болатын шұжық әзірленді. Акцияға 40-тан аса аспаз және жүз шақты ерікті қатысты. Мұндай үлкен көлемдегі асты әзірлеу үшін сегіз жылқы сойылып, 150 литр сыйымдылықпен 12 қазан орнатылған.

2015 жылы ең үлкен бесбармақ Астанада тіркелген болатын. Ол кезде 736,5 килограмм ет дайындалып, Гиннесстің рекордтар кітабына енген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети