13 ақпан 2021 16:01

Ларри Кингтің өсиетінде не жазылғаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық People журналы аты аңызға айналған тележүргізуші Ларри Кингтің қолмен жазылған өсиетін жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости.


Америкалық People журналы аты аңызға айналған тележүргізуші Ларри Кингтің қолмен жазылған өсиетін жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Құжат 2019 жылдың 17 қазанында, журналист өзінің жетінші әйелі Шон Саутвикпен ажырасу туралы өтініш жазғаннан кейін екі ай өткен соң жасалғаны хабарланды.

"Кинг өзінің екі миллион долларға бағаланған мүлкін балалар арасында тең бөлуді қалаған: Энди, кіші Ларри, Кэннон және Ченс, сондай-ақ қызы Чайя арасында. Энди мен Чайя әкесінен бұрын қайтыс болғандықтан, мүлік қалған үш ұлына мұра болып қалды", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, 23 қаңтарда америкалық тележүргізуші Ларри Кинг Лос-Анджелес ауруханаларының бірінде 87 жасында қайтыс болды. Тележүргізуші өзінің "Ларри Кинг Live" шоуымен танымал болған. Ол өмірінде елу мыңнан аса сұхбат жүргізген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети