Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Аты аңызға айналған тележүргізуші Ларри Кинг қайтыс болды 23 қаңтар 2021, 19:42

Америкалық тележүргізуші Ларри Кинг 87 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы оның Twitter-дегі парақшасында
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Америкалық тележүргізуші Ларри Кинг 87 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы оның Twitter-дегі парақшасында жарияланған хабарламада айтылған.

Кинг Лос-Анджелес ауруханаларының бірінде қайтыс болды.

Тележүргізуші өзінің "Ларри Кинг Live" шоуымен танымал болған. Ол өмірінде елу мыңнан аса сұхбат жүргізген.

Айта кетейік, қаңтардың басында Кинг коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскені белгілі болған.

2017 жылы тележүргізуші өкпе қатерлі ісігімен қалай күрескенін айтқан. 2019 жылдың сәуірінде ол ангиопластикадан өтіп, өткен жылы инсульт алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram