25 мамыр 2018 09:36

Лифт ішінде би билеген ұры жігіт Қазнетті күлдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Ақкент ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде велосипед ұрлаған ұры видеобақылау камерасына түсіп қалды, - деп хабарлайды InAlmaty.kz.


Алматыда Ақкент ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде велосипед ұрлаған ұры видеобақылау камерасына түсіп қалды, - деп хабарлайды InAlmaty.kz.

Күдікті тоғызыншы қабатқа көтеріліп, велосипедді алып, баспалдаққа қарай жақындаған. Қылмысының алдында жігіт лифт ішінде би билейді. Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасында жарияланған видеоны көрген қолданушылар жігіттің біртүрлі биін талқылады.  

"Ол қатал өмірде күн көру үшін ұрлыққа амалсыздан барған баланың оқиғасы, ол іштей биші болғысы келеді, сахнада өнер көрсетуді армандайды", - депті олардың бірі.

"Ісіне көңіл-күймен келеді екен", - дейді тағы бір қолданушы. 

"Танцор диско", - деп әзілдеді тағы бірі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети