1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Louis Vuitton әлемдегі ең ірі алмаздардың бірін сатып алды

© Grégoire Vieille / Louis Vuitton © Grégoire Vieille / Louis Vuitton

New York Times газеті француздық Louis Vuitton сән үйі тарихта ең үлкен болып саналатын ірі алмаздың (1758 карат) бірін сатып алғанын айтты. Алмазды канадалық Lucara Diamond Corp. тау-кен өндіруші компания Ботсванадан тапқан, - деп хабарлайды РИА Новости.

Өткен жылдың сәуір айында Lucara Diamond Corp. Ботсванда салмағы 1758 карат қара түсті ірі алмаз өндіргендері туралы мәлімдеген. Компанияның мәліметінше, Sewelo зақымдалмаған тас - адамзат тарихындағы ең ірі алмаздардың бірі және бүгінде Ботсванда өндірілген ең ірі алмаз. Алмаз салмағы шамамен 352 грамм болған. 

Әлемге әйгілі Louis Vuitton компаниясының атқарушы директоры Майкл Берк сатып алу бағасын атаудан бас тартты, алайда ол "миллиондар" жұмсалғанын жасырмады. 

"Менің ойымша, кейбір бәсекелестер Louis Vuitton тас сатып алушы болғанына таңғалатын шығар... Біз премиум-санатындағы зергерлік әшекейлерге осындай мән беретінімізге ешкім күтпеді. Менің ойымша, өзіндік мән беріп, индустрияны оятады", - деді Берки.