10 шілде 2020 09:36

Маңғыстау облысында итбалықты таспен атқандар анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет Көрнекі сурет

Маңғыстау облысында жағалаулардың бірінде итбалықты таспен атып, ұрған адамдар анықталды. Бұл туралы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.


Маңғыстау облысында жағалаулардың бірінде итбалықты таспен атып, ұрған адамдар анықталды. Бұл туралы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

"2020 жылдың 6 шілдесінде Маңғыстау облысында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесінің аймақтық инспекциясы Қарақия ауданындағы полиция бөлімшесіне итбалықты таспен атқан белгісіз біреулердің атына шағым жазды. Аталған дерек бойынша полиция кінәлілерді анықтады, жайт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексі 316-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Достар! Жабайы жануарларды көрген кезде арақашықтықты сақтап, сақ болуларыңызды сұраймыз", - деді Сәкен Ділдахмет. 

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстауда жағалауда демалып жүргендер итбалықты ұрып тастағаны хабарланған. Олар жануарды фотоға түсу үшін таспен атып тастаған болып шықты. 

Оқиға Құрық аулындағы жағалауда 6 шілдеде болған көрінеді. Куәгерлердің мәліметінше, ересек адамдар жағалауда итбалықты көріп, оны таяқпен және таспен ұра бастаған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети