11 желтоқсан 2020 09:31

Mastercard пен Visa Pornhub-та өз карталарымен төлем жүргізуге тыйым салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Mastercard төлем жүйесі ең ірі порносайт Pornhub-та өз карталарымен төлем жүргізуге тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bloomberg басылымына сілтеме жасап.


Mastercard төлем жүйесі ең ірі порносайт Pornhub-та өз карталарымен төлем жүргізуге тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bloomberg басылымына сілтеме жасап.

Мұндай шешімді компания тергеу заңсыз контентке тыйым салатын стандарттарының бұзылғаны расталғаннан кейін қабылдады. Төлем жүйесі Pornhub-ты қосатын серіктестерін хабардар етті.

Visa да әзірше тергеу аяқталғанға дейін Pornhub-пен қызметтестігін тоқтатыпты. Төлем жүйесі қаржы институттарының серіктестерін Pornhub және басқа платформаларда өз контрагенттерінің Visa стандарттарына сәйкестігін үнемі тексеріп отыруға шақырды.

Mastercard және Visa The New York Times газетінде бірнеше жасөспірімнің әңгімесін жариялағаннан кейін Pornhub-қа қатысты тергеуді бастады, жасөспірімдер порносайтта видеолары олардың келісімінсіз жарияланды деп мәлімдеген. Бір қыз асырап алушы ата-анасы оны интим видеоға түсіруге мәжбүрлегенін айтты. Тағы біреуі оның бұрынғы жігіті 14 жасындағы эротикалық видеосын сайтқа орналастырғанына шағымданды.

Өз кезегінде Pornhub өкілдері сайтқа кірмес бұрын әр видеоны модератор тексеретінін және балаларға жыныстық зорлық-зомбылық көрсетуге жол берілмейтінін айтып, жауап берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети