03 ақпан 2022 09:24

"Мені күтпе, енді келмеймін". 46 жыл бұрын вокзалда табылған сәбидің оқиғасы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astanatv.kz © astanatv.kz

Минск қаласының тұрғыны 46 жасында өлім аузындағы әкесінен оны асырап алғанын білген. Ал қазір ер адам Қазақстандағы туыстарын іздеп жатыр. Бұл туралы "Астана" телеарнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Минск қаласының тұрғыны 46 жасында өлім аузындағы әкесінен оны асырап алғанын білген. Ал қазір ер адам Қазақстандағы туыстарын іздеп жатыр. Бұл туралы "Астана" телеарнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарты ғасыр бұрын Шығыс Қазақстандағы теміржол вокзалдарының бірінен сәби табылды. Баланың анасы заттарын алуға кеткенде вокзалдағы жолаушылардан нәрестеге қарай тұруды өтінген. Бірақ ол оралмаған. Баладан туған ай-жылы және асырап алу туралы өтініш жазылған хат табылған. "Мені күтпе, енді келмеймін. Саша баламды асырап алыңызшы", - деп жазылған хатта.

1977 жылы баланы Өскемендегі балалар үйінен семейлік әскери қызметшінің отбасы асырап алады. Ата-анасы балаға Дмитрий деп ат қояды. Олар бірден Украинаға, содан кейін Беларуське көшіп кеткен. Сондықтан баланың есінде Қазақстан туралы естеліктер қалмаған.

Телефон арқылы сөйлескен Минск тұрғыны әкесінің айтқаны оны таңғалдырғанын мойындады.

"Күтпеген әсер. Түсіну, иә, әрине кейін келеді. Енді анықтап, бірдеңені білуді жоспарлаймыз", - деді Дмитрий.

Жазда ер адам әйелімен бірге Өскеменге келіп, іздеу жұмыстарына кіріспекші. Қазір Дмитрий отбасы мен бала кезіндегі суреттерін жинастырып жатыр. Мүмкін олар балалар үйінің қызметкерлеріне осыдан 45 жыл бұрынғы оқиғаны еске түсіруге көмектесетін шығар. Ер адам оқиғадан кейін біреу жауап беріп, жақындары табылар деп үміттенеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети