Мүгедектер арбасында отырып билеген қыз Желі қолданушыларын тебірентті

09 Мамыр 2017, 19:51
1
Мүгедектер арбасында отырып билеген қыз Желі қолданушыларын тебірентті - Видеоның скриншоты
Видеоның скриншоты

Мүгедектер арбасында отырып билеген қыз Желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видеоны Facebook желісіне Мадина Түсіпбекова жүктеді. 

Кадрлардан оқиғаның медициналық мекемелердің біріндегі ортақ палатада болғанын көруге болады. Әуен ойнай бастаған сәтте мүгедек арбасында отырғанына қарамастан, бойжеткен иіліп, әсерлі би билей бастайды. 

Кейін ыңғайсыз күйге түсіп, биін тоқтатқан қызға палаталастары дем беріп, қошемет көрсетеді. Сөйтіп, қыз ән аяқталғанша би билейді.

Айта кетейік, ролик аз уақыттың ішінде 10 мың рет қаралды. Көптеген қазақстандық биші қызға тез сауығып кетуін тілеп жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай