"Мүлде Интернет жоқ". Кубаға барған қазақстандық қыз неге өкінді?

03 Наурыз 2018, 10:17
0
"Мүлде Интернет жоқ". Кубаға барған қазақстандық қыз неге өкінді? - © comode.kz
© comode.kz

Қазақстандық қыз Малика Таңсықбаева Сomode порталына берген сұхбатында Кубадағы саяхаттан алған әсері жайлы айтып берді.

"Кубада тұрақты түрде барлығы сегіз ғана қазақстандық тұрады екен. Қазақстандық туристерді де сирек кездестіресің, мүмкін емес деуге болады. Куба - ерекше мемлекет: қызмет көрсету жүйесі күмән туғызады, бағалар ақталмайды, ағылшын мен орыс тілдерінде сөйлемейді. Бұл сіздерге Дубай емес. Бірақ дегенмен Куба ғажайып жер: қайталанбайтын колорит, өте дәмді тағам (бірақ онда азық-түлік жетіспеушілігі байқалады) және чунга-чанга", - дейді қазақстандық қыз.

Оның айтуынша, аралдағы өмір мүлде басқаша - жаман түс сияқты. Азық-түлікті картамен аласың, ол болса бір айға да жетпейді екен. Ал дүкендерде азық-түлік өте аз.

"Гаванада пәтер жалдап тұрдық. Таңғы асты үйде әзірлейік деп шештік. Сол кезде біз Кубаның шынайы тұрмыс-тіршілігі қандай екенін көрдік. Мен сонда жақын маңдағы дүкенге барып, жұмыртқа, йогурт және круассандар алып келемін деп ойладым. Бірақ мен үйге тек екі бананмен келдім", - деп еске алады Малика Таңсықбаева.

"Тағы бір таңғалдырған дүние - маған көшеде бір әйел жақындап, ақша емес, киім сұрайды. Расында да мен олардың осындай жалақымен қалай киінетінін түсіне алмаймын (Кубада орташа айлық жалақы - 30 доллар). Кубадан кетуімен аз күн қалғандықтан мен өзімде не бар, соның барлығын бердім деуге болады", - дейді қазақстандық турист.

Сондай-ақ, Малика Кубаның осындай ерекшеліктері болуына қарамастан, онда бақытты адамдар өмір сүретінін айтады.

Сұхбат соңында қазақстандық қыз Кубаға бару алдында қандай нәрселерді білу керектігін айтып өтті. Қазақстандық қыздың айтуынша, онда мүлде Интернет жоқ, шоппинг жасай алмайсың (себебі онда жалақы 30 доллар ғана) және дәрі-дәрмек, тұрмыстық техника, азық-түлік жетіспеушілігі де бар.

Мұнымен қоса, Малика сапарына қанша ақша жұмсалғанына тоқталды. "710 доллар - Мәскеу-Гавана тікелей рейс,  "Аэрофлот" әуе желісі арқылы, 800 доллар - қонақүй мен трансфер (14 күнге тоқтаған жағдайда), 400 доллар - тамақ, ром, темекі, магниттер", - деп атап өтті Малика.

Сондай-ақ, Маликаның айтуынша, Кубаға тек 10-12 күнге барған жөн, оның 3 күнін Гаванада өткізуге болады. Бұған әуе билеттерін қоспағанда шамамен 1 000 доллар керек екен.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай