28 желтоқсан 2016 10:18

Өзбекстандық жігіттің мейірімді ісі Желі қолданушыларын тәнті етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook © Facebook

Мәскеу тұрғыны Ирина Фесенко Facebook желісіндегі парақшасында Мәскеуде жұмыс істейтін өзбекстандықтың мейірімді ісіне тәнті болғаны жайлы айтып берді.


Мәскеу тұрғыны Ирина Фесенко Facebook желісіндегі парақшасында Мәскеуде жұмыс істейтін өзбекстандықтың мейірімді ісіне тәнті болғаны жайлы айтып берді.

Ирина Фесенконың айтуынша, ол балалар емханаларына көмек көрсетеді екен. Сол күні Ирина Фесенко Жаңа жылға балаларға абхаз мандариндерін сатып алу үшін базарға келген. 

"Тоңып, үйге қатты асығып тұрдым. Жаңа жыл да келіп қалды. Ал мен балаларға мандарин де алмадым. Мәскеудегі балалар емханасына мандарин алу керек болатын. Содан мен ФудСити жаққа кеттім. Міне, осы жақта апельсиндер, мандариндер және құрма да бар.

ФудСитиге келе салысымен, абхаз мандаринін табамын деген үмітпен жүрдім. Түрік, серб мандариндері тұр екен. Содан Абхазия деген жазуды көріп қалдым. Дәмін татып көрдім, бірақ ол мен іздеген мандарин емес. Бірақ соңында үш жәшік серб мандаринін сатып алдым. Енді шығайын деп жатқанда өзбек қауындарын көріп қалдым. Сатушы қауынды өлшеп жатып, сонша мандариннің кімге екенін сұрады. Содан мен оған мұның барлығы балалар үйіне екенін айтып түсіндіре бастадым. 

Мұны естіген ол бір жәшік құрманы беріп, "Құрманы алыңыз, балаларға мен беріп жіберді деп айтыңыз" деді. Мен не істерімді білмей қалдым, алайын ба, алмайын ба... Содан ол менен "Ол балалардың аналары жоқ па?" деп сұрады. Мен оған балалардың аналары бар екенін, бірақ олардың емделмейтін аурумен ауыратынын және ауруханада жатқандарын айттым. Оны естіген өзбекстандық жігіт бір жәшік қызанақ беріп, "бұл да балаларға" деді. Қажет емес, оларға болмайтын шығар (бірақ расында оған қалай алғысымды білдірерімді білмедім).

Содан көлікке қарай кеттік, артымда сатушы жігіт арбамен сыйлықтарды әкеле жатыр. Неге екенін білмеймін, көзімнен жас шыға бастады. Иә, біздің дініміз басқа. Сонда да біздің әрқайсымызда рақымшылық пен қамқорлық бар. Рақмет сағат, Умар!", - деп жазды Мәскеу тұрғыны.

Айта кетейік, Ирина Фесенконың бұл жазбасы бірнеше күн ішінде мыңдаған пікір жинап, оны бірнеше адам бөліскен. Желі қолданушылары жігіттің мейірімді ісіне тәнті болып, оған бар жақсылықты тілеп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети